Жаңалықтар

Жердің дәрігері

ашық дереккөзі

Жердің дәрігері

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – біздің заманымыздың басты міндеттерінің бірі. Қазір экология проблемасы – адамзатты алаңдатар мәселелердің қатарынан. Аталмыш мәселенің түйіткілін табуға білек сыбана кіріскен ғалымдар да жоқ емес. Солардың бірі жас та болса, жасампаз ғалым – Дәулет Егембердиев. Дәулет Қанатұлы Егембердиев – мұнай мен газды қайта өңдеу  ғылымының докторы, техно­лог, профессор, тұзды және мұнаймен ластанған жерлерді мелиорациялау бойынша ғылым магистрі. Жас ға­лым шөлді жерлерді, сонымен қоса, мұнай мен газдан ластанған жер­лердің топырағын биомелиоранттар арқылы қалпына келтірудің шешімін тапқан. Ғалымның бұл жобасы шет­елде үлкен қолдау тауып, Финлян­дия­ның Хельсинки қаласында өткен NURINTECH инновациялық жобалар байқауында бас жүлдеге ие болған. Биомелиорация (bioremediation) – улы химиялық қосы­лыс­тар, мұнай өнім­дері, ауыр ме­тал­дар және басқа да зиянды заттар сияқ­ты әртүрлі лас­таушы заттардан лас­танған ортаны тазарту үшін тірі ор­ганизмдерді (мысалы, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер) немесе олардың компоненттерін (мысалы, фер­менттер) пайдалану процесі. Био­­­­мелиорацияны топырақты, суды жә­не ауаны тазарту және өндірістік қалдықтарды жою үшін пайдалануға болады. Биомелиорация қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіп­ті болуы мүмкін химиялық реа­генттерді қолданбайтындықтан, жағу, полигондарда сақтау немесе хи­миялық тазалау сияқты дәстүрлі әдіс­термен салыстырғанда ластанған ортаны тазартудың экологиялық та­за әдісі болып саналады. Көміртекті азайту: био­мелиора­ция топырақтағы көміртегі қорын кө­бейту арқылы көміртегі шыға­рын­дыларын азайтуға көмектеседі. Ол үшін жасыл тыңайтқыштарды себу, тұ­рақты дақылдарды орнату және то­пырақты өңдеудің диструктивті әдіс­терінің санын азайтуға көмек­те­се­тін агротехникалық әдістерді қол­дану сияқты әдістер қолданылады. Биомелиорацияның қоршаған ор­таға және жалпы қоғамға пайдасы бар. Бұл биологиялық процестерді қол­­дана отырып, топырақтың сапа­сын жақсарту және табиғи экожүйе­лер­ді қалпына келтірудің экология­лық таза әдісі. Биомелиорацияны қолданған кез­де келесі артықшылықтарға қол жет­кізуге болады: Топырақтың сапа­сын жақсарту және оның құнарлы­лы­ғын арттыру, бұл өнімділіктің жо­­ғарылауына және химиялық тыңайт­қыштарды пайдаланудың төмендеуіне әкеледі. Топырақты улы зат­тар мен ластаушы заттардан та­зар­ту, бұл топырақ пен су ресурс­та­ры­ның ластануын шешуде пайдалы болуы мүмкін. Осындай басты ар­тық­­шылықтары болғандықтан био­тыңайтқыштарды ауылшаруа­шы­лығында кеңінен қолдану тиімді әрі ұтымды тәсіл болмақ. Жалпы, биомелиорация қор­ша­ған ортаны қорғаудың көп­теген әдістері мен тәсілдерін қам­титын кешенді тұрақтылық бағ­дар­ламасының пайдалы бөлігі болуы мүм­кін. Дұрыс қолданылған биоме­лио­рация топырақтың сапасын жақ­­сар­туға және табиғи экожүйелер­ді қалпына келтіруге, химиялық тыңайт­қыштар мен препараттарды пай­далануды азайтуға көмектеседі, бұл адамдардың денсаулығына және жалпы планетаның экологиялық жағ­дайына оң әсер етеді. Еліміздің ба­тыс аймағы мұнайлы өлке болған­дық­тан, жас ғалым Дәулет Егембер­диев осы аймаққа табан тіреп, сол жер­дегі экологиялық проблема­лар­дың шешімін тауып жүр. Жер бетін лас­тап жатқан мұнай қалдықтарын қай­та өңдеп, ал жерін тыңайту арқы­лы халық кәдесіне қайта жарату – на­ғыз адамдық әрі азаматтық іс деп біле­міз.  Ғылымнұр Кәдірбай