Павлодар облысындағы ауылда жалғыз түлек мектеппен қоштасты

Павлодар облысындағы ауылда жалғыз түлек мектеппен қоштасты

Павлодар облысындағы ауылда жалғыз түлек мектеппен қоштасты
ашық дереккөзі
Павлодар облысы Екібастұз қаласының Төртқұдық ауылында 1 ғана түлек мектеппен қоштасты деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Төребаевтар әулетінде көңіл толқытар сәт. Әулеттің кенжесі Данияз мектеппен қоштасты. Евразия арнасының мәлімдеуінше, Төртқұдық ауылында биылғы оқу жылын жалғыз түлек тәмамдады.
«Сыныпта жалғыз оқушы болу, әрине, қиын. Үй тапсырмасын орындап келу міндетті. Себепсіз сабақты да босатпайсың. Тіпті, сабақтан қашып кету де мүмкін емес», - дейді түлек.
Әрі оның сынып жетекшісі өзінің туған ағасы. Түлек мамандық таңдауда көп ойланған. Ақырында ол да аға-әпкесінің жолын қуып, ұстаздық жолды таңдаған.