Жаңалықтар

Кімдерге өмір бойы жәрдемақы төленеді?

ашық дереккөзі

Кімдерге өмір бойы жәрдемақы төленеді?

Елімізде көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналардың мәртебесі үшін төленетін жәрдемақы өмір бойы ай сайын төленеді. Бүгінгі таңда бұл жәрдемақыны 230 мыңнан астам ана алып отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңгеден артық қаражат қаралған. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекспен «марапатталған аналар» ұғымы енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойы «Күміс алқа», «Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі», - деді Оспанов. Ол атағандай, 6-7 бала туып, тәрбиелеген аналардың қаражаты көрсетілген. «7 бала тәрбиелеп отырған аналарға 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке ұлғайып отыр. Яғни биылдан бастап 25 530 теңгеге тең», - деді ол.