Елордада «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық акциясы өтті
Елордада «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық акциясы өтті
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық жобасын бастады.
Акция аясында партияның Астана қалалық филиалы мен «Шин-Лайн» компаниясының басшылықтары, қалалық мәслихат депутаттары 6 мамандандырылған мекемеге барды. Мекемелерде ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балаларға республика бойынша 10 мыңнан астам балмұздақтар таратылды. Бүгінде «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы», «SOS Астана балалар ауылы», «Мамандандырылған балалар үйі», «Ұлттық балаларды оңалту орталығы», «University Medical Center корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы», «Жас-Нұр», саңыраулар қауымдастығы», «№3 арнайы мектеп» сияқты ұйымдарда тәрбиеленіп отырған бүлдіршіндер мерейлі мейрамның кереметін сезінді.
Айта кетейік, «Шин-Лайн» компаниясы вафли стаканындағы «Мишка на полюсе» балмұздағының сатылымынан түскен пайданың 1%-ын балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға көмекке бағыттайды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар қоғамның назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың күнделікті мәселелеріне аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Аталмыш шара Астана қаласында 2 маусымға дейін жалғасады. Аманаттықтар әлі 5 мекемеге қуаныш сыйлайтындарын жеткізді.