Жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Қабанбай батыр ауылының оқушыларын соңғы қоңыраумен құттықтады

ашық дереккөзі

Мәжіліс төрағасы Қабанбай батыр ауылының оқушыларын соңғы қоңыраумен құттықтады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Ақмола облысының Целиноград ауданына барды. Спикер оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, өңірдің ірі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті.

Ерлан Қошанов Қабанбай батыр ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектеп түлектері мен бірінші сынып оқушыларының салтанатты жиынына қатысты.

Мәжіліс спикері Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл елімізде 400 жаңа мектеп салынатынын атап өтті. Соның біреуі – осы Қабанбай ауылында бой көтереді.

– Бұл мектеп ең жоғары стандарттарға сай салынады. Еліміздегі ең үздік мектептермен терезесі тең болады. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың біразы жуық арада жаңа әрі жайлы мектепке көшеді, – деді Ерлан Қошанов.

Спикер егіс науқанының нәтижесімен танысып, ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.