Әдетті қалыптастыру үшін қанша уақыт қажет?

Әдетті қалыптастыру үшін қанша уақыт қажет?

Әдетті қалыптастыру үшін қанша уақыт қажет?
ашық дереккөзі

Қандай да бір іс әдетке айналу үшін қанша уақыт қажет? Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, әдет орташа есеппен 2-3 айдың ішінде қалыптасады екен. Бірақ кей жағдайлар анағұрлым көп уақытты талап етеді.

Жалпы, әдет дегеніміз – бұл адам ойланбастан қайталап істейтін әрекет.

Әдет күнделікті сіздің қалыпты өміріңізге ешқандай әсерін бермейтін ұсақ іс-қимыл болуы мүмкін. Мысалы, ас алдында алақанды дастарқанға тигізу немесе аяқты айқастырып отыру сияқты әрекеттер.

Әдетті қалыптастыру қанша уақытты алады?

Әдетті қалыптастыру орта есеппен 59-дан 70 күнге дейін созылуы мүмкін. 2021 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, жаңа әдет автоматты түрде пайда болғанға дейін шамамен 59 күн өтуі керек.

Әдетті қалыптастыруға кететін уақыт әр адамда әртүрлі болуы мүмкін.

Мысалы, шыдамдылық пен сабырдың арқасында әдет тезірек қалыптасады. Ал пайдалы болса да, адамның өзіне ұнамайтын әдеттің қалыптасуына ұзақ уақыт кетеді.

Күнделікті қарапайым ережелерді және белгілі бір шектеулерді ұстана отырып, әдетті тезірек қалыптастыруға болады.

Әдет пен тәуелділік

Алдымен әдетпен тәуелділіктің аражігін ашып алған абзал. Тәуелділікпен салыстырғанда әдет сіздің өміріңізге және денсаулығыңызға зардабын тигізбейді.

Әдетті бақылауда ұстауға болады. Ал тәуелділік бақылауға көнбейді.

Жаңа әдетті қалыптастыруға арналған 5 кеңес

1. Кішкентай қадамнан бастаңыз

Мамандар әдеттердің жиілігін біртіндеп арттыруды ұсынады. Мысалы, егер әр кеш сайын ұйықтар алдында кітап оқуды әдетке айналдырғыңыз келсе, аптасына бір рет ұйықтар алдында кітап бетін ашудан бастауға болады. Әлде, күнде 15 беттен оқуға болады.

2. Мақсатыңызды қарапайым қадамдарға бөліңіз

Спортмен шұғылдануды әдетке айналдырғыңыз келсе, алдымен 10 минут жылдам жүруден бастаңыз.

3. Қызығушылығықты ортақтастыру

Әдетті қалыптастастыру процесін отбасы мүшелерімен әлде досыңызбен бастаған жеңіл. Бұл адам бойында жауапкершілікті де арттырады.

4. Күн сайын уақыт бөліңіз

Жаңа әдетіңізге уақытты жоспарлау көмектеседі.

5. Өзіңізді марапаттау

Жаңа жетістікке жеткенде, өзіңізді міндетті түрде марапаттаңыз. Бұл сізге алға ұмтылуға көмектеседі.