Қылмыстық психология мамандары немен айналысады

Қылмыстық психология мамандары немен айналысады

Қылмыстық психология мамандары немен айналысады
ашық дереккөзі
Қылмыстық психология маманы психологиялық ғылым мен қағиданы қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық сот төрелігі жүйесіне қолдана алады. Сонымен қатар олар сотпен, құқық қорғау органдарымен және басқа ведомствомен серіктес болып, бірқатар салада өздерінің сараптамалық талдауын ұсынады деп хабарлады turkystan.kz. Кейбір қылмыстық психологтар сот жүйесінде тікелей жұмыс істейді: қылмысты ашуға көмектеседі. Қылмыстық психология мамандары түрмелерде, оңалту орталықтарында, полиция бөлімдерінде, сот ғимараттарында, заң фирмаларында, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде немесе жеке практикада жұмыс істей алады деп жазды simplypsychology.org. Жалпы алғанда, қылмыстық психологтың мақсаты –  қылмыскердің мінез-құлқы мен ойын зерттеу. Сондай-ақ сот процесінде айыпталушылардың психикалық жағдайына қатысты сараптамалық айғақтар беру. Мұнымен қоса, олар қылмыс құрбандарымен немесе қылмыскерлермен сотталғаннан кейін тікелей жұмыс істей алады. Олардың қалпына келіп, күнделікті өмірге оралуына көмектеседі.
Қылмыстық психологияның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – зерттеу. Қылмыстық психологтың көбі адамдар неліктен қылмыс жасайтынын зерттейді. Сонымен қатар қылмыскердің болашақта қайтадан қылмыс жасау ықтималдығын да тексереді. Демек, олар құқық қорғау органдарына қылмыскердің профилін жасауға көмектеседі.
Тағы бір айта кететін нәрсе, қылмыстық психология мамандары сотта өз ұстанымы арқылы қылмыскерге үкім шығаруға әсер етуі мүмкін. Қылмыстық психология маманы болу үшін не істеу қажет? Қылмыстық психология маманы болу үшін білім және кәсіби дайындық маңызды. Психология, криминология және сот сараптамасы бағытында білім алу қажет. Ал лицензиясы болу үшін бакалавр, одан кейін магистр немесе доктор дәрежесі болуы тиіс. Сонымен қатар бірнеше жылдық жұмыс тәжірибесі және көп жағдайда америкалық кәсіби психология кеңесінің сертификаты талап етіледі. Қылмыстық психологтардың психология саласында да, заң саласында да білімі болуы керек. Олар құқықтық мәселелерге жақсы дайындалуы тиіс. Қылмыстық сот төрелігі жүйесі мен оның рәсімдерін түсініп, психологиялық принциптерді мұқият түсінуі керек. Сондай-ақ мемлекеттік заңдарды, сот процестерін қоса алғанда, психикалық денсаулық туралы білімі кең болуға тиіс. Америка Құрама Штаттарының Еңбек статистикасы бюросының (BLS) мәліметі бойынша, беделді қылмыстық психология мамандарының он пайызы жылына 114 000 доллардан астам табыс табады. Психикалық денсаулық орталықтары мен құқық қорғау органдарында қылмыстық психологтарға сұраныс артып келе жатқандықтан бұл сала дамып келеді.