«Скутер мінген»: Ақтөбеде 16 жастағы бала қаза тапты

«Скутер мінген»: Ақтөбеде 16 жастағы бала қаза тапты

«Скутер мінген»: Ақтөбеде 16 жастағы бала қаза тапты
ашық дереккөзі
Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан бала жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 31 мамыр күні болған. Жангелдин және Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан. Скутерді 16 жастағы бала басқарған. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды. «Скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек» деп ескертеді полиция. ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.