Өскеменде өзеннің жағасынан жас жігіттің мәйіті табылды

Өскеменде өзеннің жағасынан жас жігіттің мәйіті табылды

Өскеменде өзеннің жағасынан жас жігіттің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағасынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіттің денесі Протозанов көшесінің маңындағы Үлбі өзенінің жағасынан табылған.
«Мәйітті байқап қалған қала тұрғыны «102» жедел арнасына қоңырау шалды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Ер адамның нақты неден көз жұмғанын әзірге айта алмаймыз. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды», - делінген ақпаратта.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жас жігіт суицид жасауы мүмкін. Себебі мәйіттің қасынан жіп табылған.