Қарағандыда Ресей азаматы ұсталды

Қарағандыда Ресей азаматы ұсталды

Қарағандыда Ресей азаматы ұсталды
ашық дереккөзі
Қарағанды полицейлері есірткі сатумен айналысқан Ресей азаматын деп хабарлады Polisia.kz.
Қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азаматты ұстады. Ол ұнтақ тәрізді ақ түсті заты салынған18 орамды өз еркімен берді. Ұсталған азамат осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергенін мойындады.
Оның айтуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағы да 32 орам ақ түсті ұнтақты тәркіледі.

«Күдікті өзінің Ресей азаматы екенін және бұл «жұмысқа» әлеуметтік желі арқылы орналасқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, Ресей азаматынан тәркіленген зат 30,1 грамм есірткі заты екені белгілі болды», – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.