Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару: министрлік ата-аналардың өтінішіне жауап берді

Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару: министрлік ата-аналардың өтінішіне жауап берді

Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару: министрлік ата-аналардың өтінішіне жауап берді
ашық дереккөзі
Оқушылардың ата-аналарынан бес күндік оқу аптасына көшіру туралы өтініштер түскен болатын. Тиісінше, ұсыныс сарапшылар қауымдастығымен келісіле отырып, барлық сенбілік сабақтар қалған бес күнге ауыстырылды, оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілді деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. Осылайша, мектептерде оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту оқушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтты.
 «Оқу-ағарту министрлігі тұрақты негізде әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп келеді. Министрлікке оқу жылының аяқталу мерзімін қайта қарау туралы өтініштер келіп түсуде. Осыны ескере отырып, осы оқу жылы кезеңінде сарапшылардан құралған комиссия сараптама жүргізіп, оның қорытындысын шығару толық оқу циклін, яғни 36 аптаны аяқтауды талап етеді», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, оқу жылының ұзақтығын созғанымызбен, салыстырмалы түрде біздің елде демалыс кезеңі ең ұзақ болып қалып отыр. Жаз мезгіліндегі демалыстың ұзақтығы 13 аптадан асады, ал алдыңғы қатарлы елдерде жазғы демалыс кезеңі 7-9 аптадан да аз.
«Жаңашылдықтарды енгізуге байланысты білім сапасы бағаланып, оқушылардың білім нәтижелері салыстырылуда, комиссия бұл мәселені толыққанды зерделеуде. Түбегейлі шешімді сарапшылар қауымдастығы ғана қабылдай алады және ол бірінші кезекте балаларымыздың мүддесін көздейтін болады», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.