«Қарызсыз қоғам»: Жамбыл облысының 1 433 тұрғыны оқу курсын аяқтады

«Қарызсыз қоғам»: Жамбыл облысының 1 433 тұрғыны оқу курсын аяқтады

«Қарызсыз қоғам»: Жамбыл облысының 1 433 тұрғыны оқу курсын аяқтады
ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек Жамбыл облысында болып, жастар қауымымен жүздесті. Сондай-ақ, халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының Айша бибі ауылында жүзеге асырылу барысымен танысты.

 width=

Облыс орталығындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта өткен кездесуге өңірдегі «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенді мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардағы жас депутаттар, блогерлер, белсенді жастар қатысты.

 width=

Басқосу еркін форматта ұйымдастырылып, партия Хатшысы өскелең ұрпақты толғандырған түйінді мәселелерді талқылады. «AMANAT»-тың осы мәселелерді шешуге бағытталған жобалары таныстырылып, алдағы уақытта атқаратын жұмысы баяндалды. Өңірдің жастар саясатына қатысты түрлі проблемалар қозғалып, партия Хатшысы барлық ұсыныс-пікір жіті назарға алынатынын жеткізді.

 width=

Бұдан соң, Дәулет Кәрібек Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылына ат басын бұрды. Облыс орталығына іргелес орналасқан бұл елді мекенде партияның бірқатар жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Соның бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасы. Жоба аясында 50-ден астам ауыл тұрғыны апталық курстан өтіп жатыр. Өз кезегінде, партия Хатшысы жобаға қатысушыларды оқыту барысымен танысып, тұрғындарға аталған бастаманың мәні мен маңызы түсіндірілді. Тегін заңгерлік кеңес берілетіні айтылды.

Айта кетейік, осы уақыт аралағында 1 433 жамбылдық оқу курсын аяқтаса, бүгінде бас-аяғы 400-ге жуық азамат қаржылық сауатын арттырып жатыр. Жоба аясында барлығы 10 мыңнан астам адамды қамту көзделіп отыр.

 width=

Сондай-ақ, Дәулет Кәрібек ауыл тұрғындарымен де кездесіп, партияның «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысын талқылады. Тұрғындар түрлі пікір білдіріп, тиісті шешімін таппай жүрген мәселелер жан-жақты сараланды. Бүгінде аталған жоба аясында елді мекенде ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Сондай-ақ, жобаға қатысуға ниет білдірген 103 азаматтың құжаты рәсімделді. Алдағы аптада олар мемлекет қолдауына ие болып, өздеріне тиесілі қаржыны ала бастайды.