Депутат Маңғыстау облысында құрылған Үкіметтік комиссия жұмысын сынады

Депутат Маңғыстау облысында құрылған Үкіметтік комиссия жұмысын сынады

Депутат Маңғыстау облысында құрылған Үкіметтік комиссия жұмысын сынады
ашық дереккөзі
Парламент мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа Маңғыстау облысындағы жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссияға қатысты депуттатық сауал жолдады.
«Былтыр қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссия құрылған болатын. Комиссия өңірде өз деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай алмады. Оған дәлел, Маңғыстау өңіріндегі жиі-жиі туындап отырған әлеуметтік наразылықтар», - деді мәжілісмен.
Осы орайда, депутат Үкімет деңгейінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкімет комиссиясы құрылуын ұсынды.
«Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында қордаланған барлық мәселелерді анықтап, тиісті шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет», - деді С. Мұсабаев.