Павлодар облысында терең шұңқырға құлаған бала ауыр халде жатыр

Павлодар облысында терең шұңқырға құлаған бала ауыр халде жатыр

Павлодар облысында терең шұңқырға құлаған бала ауыр халде жатыр
ашық дереккөзі
Павлодар облысында терең шұңқырға құлаған бала ауыр халде жатыр деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 29 мамырда сағат 17:40 шамасында жедел жәрдем аудандардың бірінен облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне 8 жасар баланы жеткізген. Анасының айтуынша, бала ауладағы биіктігі 2,5 метрге дейін су құбыры үшін қазылған шұңқырға құлаған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланады.
«Жалпы жағдайы бас миының жарақаты, мидың ісінуі, көп қан жоғалту, ауыр дәрежедегі геморрагиялық шок, гиповолемия, ауыр дәрежедегі анемия. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде», –  деді басқармада.