Жаңалықтар

Қазақстанның бітімгершілері Украина мен Ресей шекарасына жіберіле ме?

ашық дереккөзі

Қазақстанның бітімгершілері Украина мен Ресей шекарасына жіберіле ме?

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы шиеленіс аумағына ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлерді жіберу ескерілмегенін айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бүгін Мәжілістегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрдің орынбасарынан Қазақстанның бітімгершілерін Украина мен Ресей шекарасына жіберу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды. Өз кезегінде С.Қамалетдинов мұндай шешім қабылдаудың реті жоқ екенін айтты. «Мұндай тәуекелдер жоқ. Бұл тұрғыда мемлекеттің ерікті негізде қатысуы ескерілген. Екіншіден, әскери контингентті мемлекеттен тыс жерге бағыттаған кезде, бұл шешімді алдымен Парламент мақұлдауы тиіс», - деді Сұлтан Қамалетдинов тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Осы ретте ол бұл мәселеге қатысты шешім Парламенттің құзыретінде екенін, сондықтан Қорғаныс министрлігі бітімгерлерді бағыттауға қатысты өз еркімен бұйрық шығармайтынын айтты.