Ақмола облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Азамат Айтбайұлы Тайжанов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Азамат Айтбайұлы 1985 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (халықаралық құқық бакалавры), Жапонияда Токия университетін (экономика магистрі), Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. PhD докторы. Еңбек жолын 2007-2013 жылдары орталық мемлекеттік органдарда әкімшілік мемлекеттік лауазымдардан бастады. 2013 жылы – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары болды. 2013-2016 жылдары – Егіндікөл ауданының әкімі, 2016-2018 жылдары – Аршалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды. 2019-2021 жылдары - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры, басқарма басшысының орынбасары - басқарма мүшесі. 2021-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің кеңесшісі болды. Сонымен бірге бұған дейін облыс басшысының орынбасары болған Елдос Мұратұлы Рамазанов Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Елдос Мұратұлы 1971 жылы туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994-2004 жылдар аралығында түрлі коммерциялық құрылымдарда жауапты лауазымдардан бастады. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы, Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары болды. 2007-2009 жылдар аралығында – Талдықорған қаласында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2009-2019 жылдар аралығында «Бүркіт» қаржы-өндірістік корпорациясы бас директоры орынбасарының, «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасы орынбасарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы, Басқарма төрағасының орынбасарының қызметін атқарды. 2019-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды. 2021-2023 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. Ал бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Мәлғаждар Саттарұлы Тәткеев қызметінен босатылды.