Мұрын бітелгенде не істеу керек?

Мұрын бітелгенде не істеу керек?

Мұрын бітелгенде не істеу керек?
ашық дереккөзі
Табиғи түрде дұрыс тыныс алу – бүкіл дененің денсаулығы. Егер мұрын бітеліп қалса, ол қан қысымына әсер етеді, бірқатар аурудың өршуіне ықпал етеді. Мысалы, тонзиллит. Сондықтан алдымен аурудың себебін анықтап алған жөн деп хабарлады turkystan.kz. Мұрын бітелуінің себептері Мұрын бітелуінің әртүрлі себебі бар. Бұған аллергиялық реакцияның көрінісі, мұрын жолдарының туа біткен проблемалары да әсер етіп жатады. Негізгі себептерге мыналар жатады: - жұтқыншақ бадамша безінің ұлғаюы (аденоидтар); - суық тию; - аллергиялық реакцияның көрінісі; - мұрын жолдарының тарлығы (туа біткен); - мұрыннан су ағу (ринит); - жұтқыншақ, мұрын ісігі. - маусымдық өзгерістер, - алкоголь, - ащы тағам, - гормоналды өзгерістер, - мұрындағы бөгде зат, - гипертония, - тұмау, - астма, - синусит, - жүктілік, - мұрын полиптері, - ұйқыдағы апноэ. Белгілері Мұрынның қатты бітелуі мына белгілерден білінуі мүмкін: - жөтел; - бас ауруы; - мұрыннан қан кету; - дене температурасының жоғарылауы; - мұрындағы жағымсыз иіс; - әлсіздік; - тамақ аймағындағы ауырсыну. Қалай емдеу керек? Осы проблемаларға тап болған кезде дереу дәрігерге қаралуыңыз керек. Өз-өзіңізді емдеуге тырыспаңыз. Бұл басқа аурулардың өршіп, жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Аурудан айығу үшін дәрігердің бақылауымен мынадай әрекеттерді жасауға болады: - ыстық душ қабылдау; - жылы компресс; - тұзды спрей қолдану; - эвкалипт майын қолдану. Сонымен қатар бөлмедегі ауа әрқашан таза болуы керек. Жатқанда мұрынның ісінуі күшейеді. Ал бұл адамның нашар ұйықтауына алып әкеледі. Сондықтан бұған жол бермеу үшін түнде ұйықтап жатқанда биік жастық қолдану қажет. Мұнымен қоса, мұрын бітелгенде темекі шегуді доғарыңыз. Мұрын бітелуі аллергиялық болса, есік-терезені жабық ұстаңыз. Желді және құрғақ күні көшеге шықпауға тырысыңыз.