Қызылордада 2 жастағы баланың асқазанынан бір уыс алтын шықты

Қызылордада 2 жастағы баланың асқазанынан бір уыс алтын шықты

Қызылордада 2 жастағы баланың асқазанынан бір уыс алтын шықты
ашық дереккөзі
Қызылордалық дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға алып шықты деп хабарлады turkystan.kz. Баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктенген. Күмәнді сейілту үшін әйел ауруханаға барған деп жазды Massaget.kz.
«Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол - алтын бұйымдар. Біз оларды алып тастадық», - дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.
Дәрігерлердің айтуынша, әртүрлі ұсақ заттарды жұтқан балалардың ата-аналары ауруханаға жиі жүгінеді. Көбіне бұл - монеталар, тастар, магниттер немесе батареялар. Бірақ алтын зергерлік бұйымдарды жұтып қойған жағдай алғаш рет болып тұр.
«Келесі күні біз 7 жастағы баланың асқазанынан батарейка алып шықтық, ал екіншісінен магнит», - деді дәрігер.
Жыл басынан бері облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері осындай 25-ке жуық ота жасаған. Дәрігерлер денеге бөгде заттың түсуінің белгілері суық тигендей болатынын ескертті. Балалар жөтеледі, құсады.
«Егер балада бұл белгілерді байқасаңыз, эндоскописке жүгінгеніңіз дұрыс», - деп қосты Серік Нүсіпожаев.