Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов кезекті жекпе-жегін өткізеді (ВИДЕО)

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов кезекті жекпе-жегін өткізеді (ВИДЕО)

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов кезекті жекпе-жегін өткізеді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Нью-Йоркте (АҚШ) полиция қызметкері болып жұмыс істейтін Қазақстан тумасы, кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов (14-1-3, 6 KO) келесі жекпе-жегі алдында Instagram парақшасында мотивациялық бейнеролик жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан Ниязовтың жаттығу жасап жатқан сәтін көруге болады. Айта кетейік, BoxRec.com мәліметі бойынша, Ниязовтың келесі жекпе-жегі 17 маусымда Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) өтеді. Қарсыласының аты әлі аталмады. Димаш өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың ақпанында Майамиде өткізген болатын. Ол аргентиналық боксшы Джонатан Эрнан Годойды (6-16, 0 КО) жеңген еді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash⚡️Niyazov (@dimash.niyazov)