Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді
ашық дереккөзі
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 30 мамырда, сағат 23.45-те жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.8 MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 10 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.