Алматыда 79 млн теңге жымқырған емхана қызметкерлері сотталды

Алматыда 79 млн теңге жымқырған емхана қызметкерлері сотталды

Алматыда 79 млн теңге жымқырған емхана қызметкерлері сотталды
ашық дереккөзі
Медеу ауданының №2 сотында аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталған емхана қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлады turkystan.kz. Сот процесінде анықталғандай, 2015-2022 жылдар аралығында емхананың бас дәрігері К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер Н. және кадрлар бөлімінің инспекторы С-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатып, іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 адамды қызметке алу туралы бұйрық шығаруға басшылық еткен. Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шотына ай сайын еңбекақыны есептеп, аударып отырған, кейіннен оны өз қажетіне жұмсаған. Сотталушы К, С, Н. заңға қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн теңгеден астам шығын келтірді.
«Екеуі 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, С-ға 5 жыл материалды жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды, ал Н. 5 жыл бухгалтерлік қызметпен айналыса алмайды»,- деп хабарлады қалалық соттан.
Бас дәрігер К. 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.