Шылым шегу қандай ауруларға алып келеді?

Шылым шегу қандай ауруларға алып келеді?

Шылым шегу қандай ауруларға алып келеді?
ашық дереккөзі

Темекі тартқан сайын адам өмірі шамамен 15 минутқа қысқарып отырады. Шылым шегетіндердің көбінде арты өлімге әкелетін ауруға шалдығу қаупі бар. Қазір әлем осы зиянды әдетпен күресуде, тіпті темекіге балама ретінде электронды темекіні ойлап тапты. Дәрігерлердің айтуынша, темекіні тастау ешқашан кеш емес. Аурудың дамуы болмаған жағдайда, ауыру ықтималдығы төмендейді. Темекі шегуден кейін ағзаны толық қалпына келтіру 10 жылдан кейін болады. Адам ағзасы үшін ең улы және қауіпті заттар темекі түтінінде болады: Шайыр — қатты бөлшектер қоспасы. Өкпенің альвеолдарына тұрып қалып, газ алмасу ауданын тарылтады. Никотин - тәуелділік тудыратын зат. Темекі түтіні деммен жұту кезінде, қан ағымы арқылы сіңеді. Бұл жүрек жиілігін жоғарылату және қан қысымы арту реакциясын тудыртады. Күшала — темекі құрамындағы ең залалды химиялық элемент. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етіп, обыр ісіктерінің дамуын өршітеді; Бензол — органикалық жолмен пайда болатын улы химиялық қосылыс. Лейкозды және обырдың басқа да түрлерін қоздырады; Полоний — радиоактивті элемент. Организмге іштен радиациялық зиянын тигізеді; Формальдегид — улы химиялық зат. Өкпе мен тыныс жолдарының ауруларының себепкері; Темекінің кесірінен қандай аурулар пайда болады: - созылмалы бронхит; - пневмония; - тыныс алу жүйесінің онкологиялық аурулары (кеңірдек, көмей, өкпе); - жүрек-қан тамырлары патологиясы (артериялық гипертензия, қан тамырларының тромбозы және т.б. - эндартериит; - бедеулік; - тіс эмальіның бұзылуы; - асқазан-ішек аурулары; - дамудың артта қалуы;