«Өрлеу» орталығы Елбасы Жолдауын талқылады

«Өрлеу» орталығы Елбасы Жолдауын талқылады

«Өрлеу» орталығы Елбасы Жолдауын талқылады
ашық дереккөзі
Кеше «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен  Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті. Жиында Алматы қаласының әкімшілігі, Алматы қаласының «МӘСҚ» АҚ, «Өрлеу» орталығының ұжымы мен қаланың педагогикалық қоғамы бас қосып, еліміздің жеткен жетістіктеріне талдау жасап, ой бөлісті. Дөңгелек үстелде кіріспе сөзді бастаған «Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшысы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры, п.ғ.д., профессор – Жансауле Макатова келген қонақтарды таныстырып, оларға алғыс білдіріп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан үзінділер келтіріп өтті. Оның айтуынша, алдыға қойып отырған мақсаттар қатарында мұғалім мүддесі, мемлекеттік тіл, ақпараттық кеңістік және IT-технология т.б. байланысты өте мәселелер өте маңызды. Әсіресе, мектептерге көп көңіл бөлу қажеттігі орталықтың алға қойып отырған міндеттерінің бірі. Ауылдық мектептердің деңгейін қалалық мектептердікіне жеткізу көзделіп, 17 білім беру бағдарламасы қабылданған. Осы орайда Президент ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасында айырмашылық болмауын тапсырды. Алматы қаласының «МӘСҚ» АҚ филиалының директоры Гүлсара Алтынбекова  Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақыға байланысты ақпарат берді. Мемлекеттік көмек, зейнетақыны алудың жолдары мен заңдылықтары туралы көлемді баяндама жасап, аудитория қызуғышылығын тудырды. Баяндама соңы залда отырғандармен сұрақ-жауап диалогына ұласты. Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан бәсекелестігін арттыруға байланысты ой-талқы, біліктілікті арттыру саласында және мектептерде IT-білімді дамыту, IT-технологиялардың жұмыс істеу принциптері сынды тақырыптар қозғалып, «Өрлеу» институты менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасы ресми сайтының тұсаукесері өтті. Жиын аяғында институт басшылығы жақында өткен байқаудың қорытындысы бойынша еңбекқорлығымен көзге түскен қызметкерлерін және келген қонақтарды  марапаттау рәсімін өткізді.  

Айжан Шакенова