«Ауыл аманаты»: СҚО-да 14 «Ақпараттық қолдау» орталығы ашылды
«Ауыл аманаты»: СҚО-да 14 «Ақпараттық қолдау» орталығы ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 14 «Ақпараттық қолдау» орталығы ашылды. Онда ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу арқылы табысты арттыру бойынша кеңес алады. Осы мақсатта мемлекет азаматтарға жылдық мөлшерлесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие ұсынады.
Ашық есік күндері «AMANAT» партиясының өңірлік және аумақтық филиалдарында кеңес беріледі. Мемлекеттік органдардың, «Атамекен» палатасының өкілдері мен бизнес-тренерлер өз ісін дамытудың жолын түсіндіреді.
Бизнес-тренер Дмитрий Шледевиц кәсіптің ауқымын кеңейту үшін ауыл тұрғындарына кооператив құрып, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік берілетінін атап өтті. Сарапшының айтуынша, бұл қадам мал басын көбейтуге, өнімді сатуға және пропорционалды пайда табуға мүмкіндік береді.