Елімізде оқушылардың сәйкестендіру карталары жүйесі іске қосылды

Елімізде оқушылардың сәйкестендіру карталары жүйесі іске қосылды

Елімізде оқушылардың сәйкестендіру карталары жүйесі іске қосылды
ашық дереккөзі
Сәйкестендіру карталар мектеп ғимаратына кіруге, тамақтануға және оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді деп хабарлады turkystan.kz. Пилоттық жоба Астана, Шымкент қалаларында және Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылдың қыркүйегінде республика бойынша 1000-нан аса қалалық мектеп оқушылары ID карта пайдаланатын болады. Жоба  Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылуда.