Қазақстанда қанша шипажай бар?

Қазақстанда қанша шипажай бар?

Қазақстанда қанша шипажай бар?
ашық дереккөзі
Демалыс маусымы қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан шипажайлары туралы статистиканы ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды. Оның ішінде 109 – санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 – профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер бар.
«Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3. Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан», - делінген хабарламада.
Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан.
«Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60%-ы – әйелдер», - делінген хабарламада.