Тұңғыш Президент кітапханасы «АЛЖИР» мұражайына архивтік құжаттарды тапсырды

Тұңғыш Президент кітапханасы «АЛЖИР» мұражайына архивтік құжаттарды тапсырды

Тұңғыш Президент кітапханасы «АЛЖИР» мұражайына архивтік құжаттарды тапсырды
ашық дереккөзі
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен ҚР Президенті Архивінің 18 құжат пен 60-тан астам кітаптарын «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтті. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың айтуынша, 1997 жылдан бастап елімізде жыл сайын 31 мамырда тарихымыздың ең қасіретті беттерінің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Ол өзінің сөзінде берілген мұрағаттық фотоматериалдар мен құжаттар тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге өз үлес қосатынына сенім білдірді.  width= «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің директоры Самат Тергембаевтың сөзінше, аталған кешен жаппай террор құрбандарына арналған бірегей ескерткіш ретінде ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қайғылы оқиғалардың естелігін сақтауға, сондай-ақ болашақта мұндай ауыр қайғы-қасірет қайталамас үшін жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Өз кезегінде ҚР Президенті архиві директорының орынбасары Бейсембай Жұмабеков Мұрағатта ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының ашылуымен республикада осындай құжаттардың мамандандырылған қоймасы пайда болғанын атап өтті. Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы тиісті ресми мұрағаттық қолдауға ие болды.  width= Іс-шараға, сондай-ақ, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, Целиноград ауданы әкімдігінің қызметкерлері, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.