Жаңалықтар

Тұңғыш Президент кітапханасы «АЛЖИР» мұражайына архивтік құжаттарды тапсырды

ашық дереккөзі

Тұңғыш Президент кітапханасы «АЛЖИР» мұражайына архивтік құжаттарды тапсырды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен ҚР Президенті Архивінің 18 құжат пен 60-тан астам кітаптарын «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтті. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың айтуынша, 1997 жылдан бастап елімізде жыл сайын 31 мамырда тарихымыздың ең қасіретті беттерінің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Ол өзінің сөзінде берілген мұрағаттық фотоматериалдар мен құжаттар тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге өз үлес қосатынына сенім білдірді. Іс-шараға, сондай-ақ, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, Целиноград ауданы әкімдігінің қызметкерлері, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.