Павлодар облысында 5 жасар қыз кір жуғыш машинаның ішінде қалып қойды

Павлодар облысында 5 жасар қыз кір жуғыш машинаның ішінде қалып қойды

Павлодар облысында 5 жасар қыз кір жуғыш машинаның ішінде қалып қойды
ашық дереккөзі

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылында 5 жасар қыз кір жуғыш машинадан шыға алмай қалған деп хабарлады turkystan.kz. Белгілі болғандай, бала барабанның ішінен ойыншықты алғысы келіп, қыстырылып қалған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 11.14-те Тереңкөл ауылында болған.

«Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері жұмылдырылып, арнайы құралдардың көмегімен 2018 жылы туған қызды алып шықты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деді департаментте.