Жаңалықтар

Ақмола облысында депутат көпбалалы анаға көмек көрсетті

ашық дереккөзі

Ақмола облысында депутат көпбалалы анаға көмек көрсетті

Қиналғанға демеу, жабыққанға медеу болу – адамгершіліктің айнасы. Әсіресе, өмірдің қиын жағдайына тап болған жандардың жанынан табылып, қолдан келгенше көмек көрсету – игілікті іс. Міне, күні кеше Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының депутаты Руслан Шамкенов «Бақытты отбасы» жобасы аясында баспанасынан айырылған көпбалалы анаға қолұшын созып, көмек көрсетті. Оқиға қалай өрбіді? Қоянды ауылының тұрғыны Айгүл Оспанова отағасынан айрылып, қара жамылып отырғаны аздай, енді шаңырағы отқа оранып, қайғысына қайғы қосылған еді. Амалы құрыған азаматша әлеуметтік желіде көпке үндеу тастап, халықтан көмек сұрады. Бұған дейін отбасы үй жанынан жаңа баспананың құрылысын бастаған еді. Алайда күйеуі қайтыс болған соң, шиеттей бала-шағамен жалғыз қалған көпбалалы ананың құрылысты аяқтауға шамасы келмеді. Осы оқиғадан құлағдар болған халық қалаулысы «Gentlemеns Club» қайырымдылық қорын бастап келіп, 3  млн теңге сомасында көмек көрсетті. Яғни, 2 млн. 700 мың теңгеге құрылыс заттарын жеткізіп берсе, қалған 300 мың теңгені отбасының керек-жарағына деп жеке тапсырды. «Балаларға осындай ойын алаңын орнатып беру көптен бері көкейімде жүрген мақсат еді. Ақыры, жазғы демалыс басталар алдында сол мақсатыма жеттім. Елорда іргесіндегі елді мекенде балалар саны күн санап көбейіп келеді. Бұл, әрине, жақсылықтың нышаны. «Қуантсаң, баланы қуант дейді» халқымыз. Бәрі де балалар үшін», – деді халық қалаулысы.