Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп хабарлады turkystan.kz. Елдің тек солтүстік-батысында, оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болжанады. Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығы мен шығысында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.