Жаңалықтар

Австриядағы әлем біріншілігінде Қазақстан биатлоншылары допинг дауына ілікті

ашық дереккөзі

Австриядағы әлем біріншілігінде Қазақстан биатлоншылары допинг дауына ілікті

Австрияда өтіп жатқан биатлоннан әлем біріншілігінде  Қазақстан құрамасы келеңсіз жағдайға тап болды. Ел спортшыларына допинг қолданды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Cпорт-Экспресс хабарлады. Жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз спортшылар медициналық қалдықтар салынған қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Австрияның допингке қарсы Ұлттық орталығының жүргізген сараптамасының нәтижесінде аталмыш қораптар мен құжаттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігін анықталды. Осыған байланысты, жергілікті 30-ға жуық полиция өкілдері Қазақстан делегациясын тексеріп, әр түрлі медициналық құралдар мен ұялы телефондарды тәркілеген. Артынша Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды. Қазақстандық шаңғышы Ольга Полторанина аталмыш жағдайға қатысты қатысты өз пікірін білдірді.