«150 млн»: 29 адамды алдаған алаяқ ұсталды

«150 млн»: 29 адамды алдаған алаяқ ұсталды

«150 млн»: 29 адамды алдаған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
34 жастағы астаналық қала тұрғындарына автокөлік, ипотека, қолма-қол несие және инвестиция бойынша көптеген қызмет түрін ұсынған деп хабарлады turkystan.kz. Алаяқтың торына түскен 29 адам Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жүгінді. Полицияның хабарлауынша, келтірілген залал көлемі - шамамен 150 млн теңге. Алданған халық оған 1-22 млн теңгеге дейін ақша берген. Полицияға Астана тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. Әйел адам күйеуінің досына сеніп, оған 1 млн 237 мың теңге бергенін айтты. Ол көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде беріпті. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге микроқаржы ұйымынан тауарлық және несиемен ақшалай несие алуды ұсынған. Нәтижесінде әйел бес микроқаржы ұйымынан несие және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, дабыл қаққан.
«Сол сияқты қаржы мәселесін шешуге көмектесемін деп, өзге де азаматтарды алдауына түсірген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қылмыстық іске қатысты тұлғаға бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді полициядан.