Президент Жарлығымен Бас прокуратураның құрылымы өзгерді

Президент Жарлығымен Бас прокуратураның құрылымы өзгерді

Президент Жарлығымен Бас прокуратураның құрылымы өзгерді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас прокуратурасының құрылымын өзгерту туралы Президент Жарлығына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Жарлықта жазылғандай, енді ҚР Бас прокуратурасының құрылымы мынадай болмақ: - Басшылық; - Аппарат; - Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі (жаңа қызмет); - Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі; - Қоғамдық мүддені қорғау қызметі; - Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі (жаңа қызмет); - Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі; - Кадрлық жұмыс департаменті (бұрынғы кадрларды дамыту департаменті); - Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұрынғы Ішкі тергеу департаменті); - Стратегиялық даму департаменті; - Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті; - Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті; - Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті; - Қаржы департаменті; - Мемлекеттік құпияны қорғау басқармасы; - Ішкі аудит басқармасы; - Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы. Ведомство құрамынан арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау қызметтері алынып тасталған. Құжатта көрсетілгендей, Жарлық қол қойған күннен, яғни 23 мамырдан бастап күшіне енді.