Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізіледі – СІМ жауап берді

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізіледі – СІМ жауап берді

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізіледі – СІМ жауап берді
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан басталуы мүмкін екендігін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«2-3 айда болуы мүмкін. Біз өз тарапымыздан, Қазақстан тарапынан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз. Мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау керек. Біздің тараптан осы келісімді бекіту туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау қажет. Қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.