Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы уағдаласты

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы уағдаласты

«AMANAT» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Соған сай ынтымақтастық туралы меморандумға бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қол қойды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. «AMANAT» парламенттік көпшілік дауысқа ие және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы орындардың 76,9%-ын иеленген партия ретінде, дәстүрлі ахлақ қағидаларын ілгерілету, мемлекеттік тілді дамыту, әйел құқығын қорғауды қолдау үшін әлеуеті жеткілікті. Өткен тоғыз айда елімізде бұрын-соңды болмаған түбегейлі саяси реформалар жүргізіліп, Әділетті Қазақстанды құрудың іргетас қаланды. Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім еліміздің өркендеуінің шешуші шарты екеніне сенімдімін», - деді ол. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бүгінде ҚХА-ның негізгі міндеті – ХХХІІ сессия шешімдерінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.