Сіріңкемен ойнаған: Алматы облысында 3 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Сіріңкемен ойнаған: Алматы облысында 3 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Сіріңкемен ойнаған: Алматы облысында 3 жасар бала жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі
Алматы облысында денесін күйік шалған 3 жасар бала ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz. 27 мамырда сағат 18.40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған баланың күйік алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін екі баланың жеке тұрғын үйдің ауласында ойнағаны анықталды. Содан кейін олардың біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жағып, абайсызда мойын, арқа, бөксе, II-III дәрежелі оң иық аймағында термиялық күйік алды, 20-29%. Соның салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Бала реанимация бөлімінде», - делінген хабарламада.