Жаңалықтар

Елдегі әр әуежайдың маңында рұқсат етілмейтін нысандар бар – AMANAT жанындағы Кеңес

ашық дереккөзі

Елдегі әр әуежайдың маңында рұқсат етілмейтін нысандар бар – AMANAT жанындағы Кеңес

Еліміздегі барлық әуежайдың айлақ маңындағы аумағында рұқсат етілмейтін нысандар, тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар, қоқыс үйінділері, тіпті қасапханалар бар. Бұл жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіреді деп санайды «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес мүшелері.

Партия хатшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, Шымкент қаласы әуежайының санитарлық қорғау аумағында 187 тұрғын үй орналасқан, олардың 128-інің толық рұқсат құжаттары бар.

«Менің сұрағым әкімдікке де, азаматтық авиация комитетіне де бағытталады, оларға қандай негізге сүйеніп рұқсат берілген? Рұқсат құжаттарын сіздер бермеген болсаңыздар, онда олар мұның бәрін қалай рәсімдеді? 12 адамның өмірін қиып, тағы 47 адам жарақат алған Алматыдағы қайғылы оқиғаны ешқайсымыз да ұмытқан жоқпыз. Біз әуежай маңында тұратын адамдармен сөйлестік, олар үйіне ұшақ құлап кете ме деп қорқады, тіпті, ұшақтардың моделін дыбысына қарап-ақ ажырата алатын жағдайға жеткен. Бұл отбасылардың мәселесін шешу керек», - деді ол.