Президент бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Президент бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Президент бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді деп хабарлады turkystan.kz.

Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.