Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

29 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді», - деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.