Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 10 алтын медаль алды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 10 алтын медаль алды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 10 алтын медаль алды
ашық дереккөзі
Алматы қаласында Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті деп хабарлады turkystan.kz. Халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытайдан 177 боксшы қатысты. Олар он үш салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ел құрамасынан он былғары қолғап шебері жеңіс тұғырына көтерілді. Олардың қатарынан Даниял Сәбит (51 келі), Дамир Әбдіқадыр (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Сұлтан Мусинов (63,5 келі), Ділмұрат Мижитов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі) және Шаймұрат Құсайынов (86 келі) бар. Ал Қытай құрамасынан Ашан Резибек (92 келі) пен Абудурешити Ремула (92 келіден жоғары) «алтын» алды. Тағы бір «алтын» қырғызстандық Жениш Улпатовқа (48 келі) бұйырды.