«Қаулының күші жойылды»: коронавирустың аяқталуына байланысты барлық шектеу алынды

28 мамыр, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
«Қаулының күші жойылды»: коронавирустың аяқталуына байланысты барлық шектеу алынды Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу шаралары алынды деп хабарлады turkystan.kz.
 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Осылайша, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.
«COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирустың таралуы жалғасуда. Бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады», - деді министрліктен.