Есік қаласының тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр

Есік қаласының тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр

Есік қаласының тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр
ашық дереккөзі
Алматы облысында ер адам туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, қыздар зорлыққа қатысты барлық дәлелді жинаған.
«Кеше менің оқырманым Еңбекшіқазақ ауданынан екі жиенін әкелді. Олардың айтқан сөздері жаға ұстатарлық. Туған әкесі әуелі үлкен қызын, кейін кішісін зорлаған. ...Қыздардың анасы мұны білген, бірақ үндемеген. Ал әкесі екі әйелге үйленген, екеуі де балаларымен Есікте бір үйде тұрады. Қыздар есейгенше төзіп келген. Олар ақша жинап, менің танысыммен қашып келді. Талдықорған полициясына арыз жаздық. Зорлағаны туралы дәлелдер бар, қыздар осы уақытқа дейін аудиожазбаларды жинаған» деп жазды ол.
Алматы облысы Полиция департаменті бұл факті аудандық ішкі істер бөліміне тіркелгенін хабарлады.
«Қазір 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіледі», - деді полициядан.
Полиция департаменті бұған дейін полицияға аталған факті бойынша ешкім жүгінбегенін атап өтті. Тергеу барысын облыстық полиция ведомствосының бастығы ерекше бақылауға алды. Толық ақпарат қысқа мерзімде ұсынылады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)