Жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (17-2) 5 тамызда өтетін UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Ол алғашқы жекпе-жегін ямайкалық Оде Осборнға (12-5) қарсы өткізеді. Осборн UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жеткен. «Келісімшарт 5 тамызға жасалды, Лас-Вегас. Ал енді шулату керек. Алға, тек жеңіс үшін», – деп жазды спортшы. Асу Алмабаев аралас жекпе-жекте 19 кездесу өткізіп, оның 17-де жеңіске жеткен. UFC-мен 6 сәуірде келісімшарт жасасқан отандасымыз шілдеде алғашқы жекпе-жегін өткізбек.