Ұйқы безінің қызметі бұзылғанын қалай білуге болады

Ұйқы безінің қызметі бұзылғанын қалай білуге болады

Ұйқы безінің қызметі бұзылғанын қалай білуге болады
ашық дереккөзі
Ұйқы безінің ағзадағы рөлі зор. Оның негізгі қызметі - адам ағзасына тағамның жақсы сіңуіне ықпал ететін майларды, ақуыздарды және көмірсуларды ыдырататын арнайы ферменттер шығару, деп хабарлады turkystan.kz. Ұйқы безі – инсулин шығаратын жалғыз орган. Ал инсулин – ұйқы безінің өте маңызды гормоны. Өйткені ол дененің барлық жасушасына әсер етеді.  Сондықтан ұйқы безі ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық мекемеге бару керек. Ұйқы безі ауруының негізгі белгілері: - Майлы, ауыр тағамдарды қабылдағаннан кейін, алкоголь ішкеннен кейін және шамадан тыс тамақтанғаннан кейін өзін жайсыз сезіну. - Жүрек айну, құсу. - Ішті басқан кезде кіндік аймағында жағымсыз сезім пайда болу. - Температураның күрт көтерілуі – ұйқы безі ауруының ең көп таралған белгісі. Қалай емдеу керек? Мамандар ұйқы безін адам өздігінен емдеуге болмайтынын айтады. Өйткені дәрігерлер науқастың жағдайына және диагнозға қарай отырып, емдеу әдісін ұсынады. Алайда ұйқы безі ауруымен ауыратын барлық науқас бірнеше ай бойы қатаң диета ұстануы керек. Қуырылған, қатты тұзды, қышқыл және ащы, сондай-ақ ауыр тағамдардан бас тартқаны абзал. Тазартылған минералды су ішу керек: бұл тек науқастарға ғана емес, сау адамдарға да қатысты.