Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Ақтөбеде аламан бәйге өтті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде бәйгеден Қазақстан чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі бастау алды деп хабарлайды turkystan.kz. Турнир Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «Бәйге» федерациясының ұйымдастырумен өтті. Жарысты тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен бәйге жанкүйерлері, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және ҚР Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтаев пен Қазыбек Әлішев қатысты.  width= Шарада сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдегі ұлттық спорттың даму көрсеткішіне тоқталды.
«Өңірімізде ұлттық спорт түрі Бәйге спорттын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға барлық жағдайлар жасалған. Бүгінде облыста Ақтөбе облысының тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылдану мүмкіндігі үшін 1 954 спорт нысаны бар. 2023 жылдың аяғына дейін 19 спорт кешенін тұрғызу жоспарымызда бар. Облысымызда ұлттық спорт түрлерімен  шұғылданатын спортшылар саны – 26 720 адам. Ақтөбе облысы осы үрдістің аясында ұлттық спортты, оның ішінде ат спортын дамыту бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде. 2005 жылы ат спорты мектебі ашылып, одан бері Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт мектебі болып қайта құрылды. Онда көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ бөлімшелері жұмыс істейді.  Қазір 400-дің үстінде балаларымыз осы мектепте жаттығуда. Ол балалармен 24 жоғары дәрежелі жаттықтырушы мамандар жұмыс істеуде», - деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ салтанатты шарада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов бұл жарысты келер жылы Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық екенін жеткізді.  width=
«Ұлттық спорт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ерекше назарында. Келесі жылы еліміз Дүниежүзілік Көшпенділер ойынын өткізеді. Бұл баршамызға үлкен мәртебе! Біз әлем халықтарына өзіміздің ұлттық спортымызды, әдет-ғұрпымыз бен мәдениетімізді кеңінен дәріптеуіміз керек. Бүгінгі жарысымыз сол әлемдік додаға дайындық. Осынау бәйгені ұйымдастыруға қолдау білдірген Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлына үлкен алғысымды білдіремін! Сондай-ақ ҚР Мәжілісінің депутаттары Аманжол  Әлтаев пен Қазыбек Әлішевке, «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаевқа және де осындағы ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтарға Ұлттық спорт қауымдастығының атынан алғыс айтамын!» - деді Исламбек Салжанов.
Айта кетейік, турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге» бойынша сайысқа түсті. Жеңімпаздарға бағалы және қаржылай жүлделер табысталды. Сонымен қатар көрермендер «Ұлттық киім» байқауын да тамашалап тарқасты.