Өгей қыздарын зорлаған Теміртау тұрғынына сот үкімі шықты

Өгей қыздарын зорлаған Теміртау тұрғынына сот үкімі шықты

Өгей қыздарын зорлаған Теміртау тұрғынына сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Теміртау қаласында 53 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлайды turkystan.kz. Астана телеарнасының хабарлауынша, сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді. Бұған дейін педофил өзінің қылмысының ауырлығын сезіп қорғаушысы арқылы жәбірленушілерге ақша бермек болған. Бұл видеода полиция оның қорғаушысын ақшамен ұстап жатыр. Алайда балалардың анасы мен прокурор азғынды қатаң жазалауды сұрады. Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушы 14 және 11 жастағы екі бірдей өгей қызын қорқытып, сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. Қорлыққа шыдамаған қыздар бірнеше айдан соң аналарына шағымданады. Айуандық әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 1 жарым жыл бойы қаралды. Іс барысында педофилдің бұрын да сотталғаны анықталды.
«Сотталушы Теміртауда өз пәтерінің қонақ бөлмесінде 2009, 2012 жылы туған өгей қыздарына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушілердің жастарын анық біле тұра, дәрменсіз, қарсылық көрсете алмайтындарын ұғына тұра, әрекетін бірнеше рет қайталаған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қортындыларымен дәлелденді. Ол кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасағандықтан ешқашан мерзімінен бұрын босатылмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.