Британдық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Британдық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Британдық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
Британдық боксшы, екінші орта салмақтағы титулға бұрын үміткер болған Джон Райдер қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкинмен шаршы алаңға шыққысы келетінін мәлімдеді деп хабарлайды turkystan.kz. Мамыр айының басында ол  Сауль «Канело» Альварестен ұпай саны бойынша ұтылған болатын. Осыдан кейін промоутер Эдди Хирн Джон GGG үшін жақсы нұсқа болатынын айтты деп жазады Sports.kz.
«Мен он жылдан бері Головкиннің жанкүйерімін. Бірақ мәселе онда емес. Мен ең мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізгім келеді. Головкин - ұлы боксшы. Мен оған қарсы кездесу өткізіп, өзімді тексергім келеді. Жекпе-жек менің пайдама шешілетініне сенгім келеді. Жеңе аламын деп ойлаймын», - деді боксшы.