Атырау тұрғыны 50 жыл көрмеген досын газеттегі хабарлама арқылы тапты

Атырау тұрғыны 50 жыл көрмеген досын газеттегі хабарлама арқылы тапты

Атырау тұрғыны 50 жыл көрмеген досын газеттегі хабарлама арқылы тапты
ашық дереккөзі
Атырау тұрғыны Александр Толстов жарты ғасыр бұрын жоғалтып алған досы әрі курстасы Артур Ажиковты «Прикаспийская коммуна» газетіндегі хабарлама арқылы тапты деп хабарлады turkystan.kz. Достар Гурьев кәсіптік училищесін бітіргеннен кейін бір-бірін көрмеген. Осы уақыт аралығында Александр Артурды табуға тырысқанымен нәтиже болмапты.
«Бұрын темір жол вокзалына жиі баратынмын. Онда көптеген такси жүргізушілері бар. Ішінде Құлсарларға баратындардан Артур Ажиков туралы сұрастырдым. Ол Жылыой ауданынан болатын. Бірақ нақты жауап ала алмадым», - деп еске алады ол.
Жеті жыл бұрын Александр жұбайынан айырылған. Қазір екінші топтағы мүгедек. Жақында жергілікті басылымға хабарласып, досын табуға көмектесуін сұраған. Осыдан кейін журналистер мақала жариялап, сол күні кешке Артур редакциямен байланысқа шығыпты. Досы Атырау облысында емес, Ақтауда тұратын болып шықты. Артур да  осы уақытқа дейін Александрды іздеген екен. Осылайша, достар хабар алмасып, мамыр айының соңында кездесуге келіскен.
«Балаларым бар. Бізге қамқор болып жүр. Бірақ сырласып, жастықты еске түсірген керемет қой! Сіздер, журналистер, жақсы нәрсе жасайсыздар: адамдарды жақындастырасыздар! Табасыздар! Біз досын, сыныптасын немесе жақын адамын іздеп жүргендердің үміт үзбеуін тілейміз. Ештеңеге қарамастан іздей беру керек», - дейді Артур мен Александр.