Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті

Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті

Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті
ашық дереккөзі
Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында Еуропадағы қазақ жастарымен кездесу болып өтті деп хабарлайды turkystan.kz. Аталған кездесуге Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Кёльн қазақ мәдени орталығының төрайымы Сәдия Сүрер, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, жас кәсіпкер Алмас Жәли мен Еуропа бір топ қазақ жастары қатысты. Еуропадағы қазақ жастары азаматтық алу, кәсіп жүргізу, инвестиция құю, туристік ортаға айналдыру, қазақ тілін үйрену және тағы басқа сауалдарына жауап алды. Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында Еуропадағы қазақ жастарымен кездесу болып өтті. Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Кёльн қазақ мәдени орталығының төрайымы Сәдия Сүрер, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, жас кәсіпкер Алмас Жәли мен Еуропа бір топ қазақ жастары қатысты. Еуропадағы қазақ жастары азаматтық алу, кәсіп жүргізу, инвестиция құю, туристік ортаға айналдыру, қазақ тілін үйрену және тағы басқа сауалдарына жауап алды.
«Отандастар» қоры бірнеше жылдан бері шетелдегі қандастарға қолдау білдіріп келе жатыр. Қандастар Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Сіздер біздің болашағымыздың жарқын болатынын көрсетіп отырсыздар.  Шетелдегі қазақтардың әрдайым отаны бар. Ол – Қазақстан. «Отандастар» қорын өзіміздің үйіміз деп біліңіздер. Сіздерге әрқашан сәттілік тілейміз. Қазіргі таңда Қазақстан қарқынды дамып келе жатыр. Сіздер сияқты шетелдегі жастарымыз әлемнің алпауыт компанияларда жұмыс істеуде. Президентіміз оларды әркез қолдап жүреді. Сол секілді сіздерді де әрдайым қолдайды. Біздің сіздерге әрқашан есігіміз ашық», – деді Мәлік Отарбаев.
«Бүгінгі кездесуде әркім өзінің жетістіктеріне тоқтап, мемлекетіміздің дамуына жаңа тың идеялар беруіне, қандай да бір маңызды мәселелер болса, ойын ортаға салып, барлық талап-тілектерін ашық айтуына болады. Әрбір ұсыныс кері байланыс табады. Біз оны еліміздің мүдделі органдарына жеткізуге дайынбыз. Президентіміз былтыр Нью-Йоркта жас қазақтармен кездесу барысында, - «...Сіздер қай жерде жұмыс істесеңіздерде, Нью-Йорк немесе Еуропа, даму үстіндегі елдер болама, бәрібір сіздер қазақ болып қала бересіздер», - деген. Сондықтан, біз бәріміз бауырмыз. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» – деп хакім Абай айтпақшы, бірге болайық, дос болайық. Бізді біріктіретін - түбі бір шежіреміз бен түбі бір қазақ болмысымыз», – деді Абзал Сапарбекұлы.  width= Өз кезегінде Жас кәсіпкер Алмас Жәли Еуропа жастарын бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
«Жас кәсіпкер ретінде айтарым, Қазақстанда бизнес жасауға мүмкіндік көп. Әлеует жетерлік. Біз Қазақстанда отырып-ақ, Өзбекстан, Дубай, Лондон нарығында жұмыс істейміз. Бес немесе он жыл ішінде Қазақстанда кәсіп жүргізу деңгейі Еуропадан жоғары болады. Еуропа экономикасы шатқаяқтап жатқанын көбі айтады. Мұнымен келісерсіз деп деп ойлаймын. Қазақстан экономикасы, бизнес жүргізу, өнім жасау ісі жақсарып келеді. Мен өзімді елде кәсіпті тиімді жүргізуге болатынын бір дәлелімін деп айтсам болады. Әлеуметтік платформада бастама көтеріп, топ құрып, араласып тұрсақ болады. Біз, бәріміз – әртүрліміз, сөйте тұра біз бірдейміз. Баршаңызды көріп, сезініп, ерекше эмоцияға бөленіп отырмын. Әлеуметтік желідегі топқа қуана-қуана қосылатын едім. Еуропа қазақтары ғана емес, басқа елде тұрып жатқан жастарды да біріктірсек болады. Сіздерге айтарым, мерекелерде, демалыстарда бізге, елге келіңіздер! Сіздермен байланыс орнатуға әзірмін! Елге келгенде сіздерді жайлы сезіндіру үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз!», – деді жас кәсіпкер.